Өзбекстандағы әскери қоймадағы жарылыстан 16 адам зардап шекті

647

Өзбекстанның Сырдария ауданындағы әскери қоймада болған жарылыстан 16 адам зардап шекті, деп хабарлайды Elitar.kz.

Өзбекстан министрлігінің мәліметінше, таңғы сағат 05:01-де аудандық төтенше жағдайлар бөліміне Сырдария облысы Сырдария ауданы Мәлік ауылында жарылыс болған.

«Оқиға салдарынан зардап шеккен 16 азаматтың 12-сі Сырдария аудандық медициналық бірлестігіне жеткізілді. Олардың барлығына дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Республикалық жедел медициналық жәрдем орталығының Сырдария филиалында 4 науқас стационарлық бақылауға алынды», – делінген хабарламада

Ведомстводан зардап шеккендер арасында ауыр жарақат алғандар мен ауыр халде жатқандар жоқ екенін атап өтті.

Еске салсақ, Өзбекстанның Сырдария облысы Мәлік ауылындағы әскери қоймада жарылыс болды. Жарылыс дүмпуі Мақтаарал ауданында естілді.

Алдыңғы пост
Қостанай облысындағы орман өрттерінен зардап шеккендерге пәтер кілттері табысталды
Келесі пост
Аты аңызға айналған пулеметші Мәншүк Мәметова-100 жаста

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu