Мұсылмандарға тақуалық нұры құйылатын бірден-бір ай — Рамазан. Бұл айда береке мол. Ал, ораза ұстаған жан, белгілі бір уақыт ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылады.
Қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Ал наурыз айының 26-нан 27-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 30 наурыз – Ораза айт мерекесі. Биыл, пітір садақаның мөлшері екі келі ұнның орташа бағасына тең, 655 теңге болып бекітілді.
Ал, жалпы ораза ұстайтын адам нені білу қажет.
• Уақытылы ауыз ашып, уақытылы сәресін ішкен абзал. Сәресінде береке бар.
• Оразада дұрыс тамақтану өте маңызды. Сәресіде ботқа, қара нан, көкөністер жүген дұрыс. Сондай-ақ, жұмыртқа, ет, сүзбе және су ішкен жөн. Ал, ауыз ашарда асқазанға салмақ түсірмес үшін жеңіл тамақтану қажет.
• Оразада рухани тазаруға, өз-өзіңді бақылауға және ішкі жан дүниеңді дамытуға мүмкіндік мол. Көптеген адам ораза арқылы жаңа әдет қалыптастырып, өзін жаңа қырынан ашылады.
Сондықтан, ораза ұстаған адам рухани тазарып, Құран мен дұғаға көбірек ден қояды. Одан қала берді істеген амалдарына іштей есеп беріп, қайырым, мейірім, сабыр сынды қасиеттері толығады.