Алматы әкімдігі мен президент резиденциясын қиратқан 11 адам сотты болды

56

Қаңтар оқиғасы кезінде оннан астам адам, әкімдік пен президент резиденциясын қиратып кеткен болатын. Оларға, Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен бірнеше баппен айып тағылды. Нақтырақ айтар болсақ, күдітәлердің ісі жаппай тәртіпсіздіктер мен шабуылдарға қатысқандарына, күзетілетін объектілер және оларды басып алу, сондай-ақ билік өкілдеріне қарсы зорлық-зомбылық қолдану баптарымен қаралып, бас бостандықтарынан айырылды.

Сот жаза тағайындау кезінде сотталушылардың кәмелетке толмаған балаларының болуын, денсаулық жағдайларын, отбасылық жағдайларын және бұрын сотты болмағандарын ескере отырып үкім етті. Яғни, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып,  10 сотталушыны ҚК 272-бабының 2-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігі, 269-бабының 3-бөлігі-1), 4), тармақшалары бойынша кінәлі деп тапты. “Рақымшылық туралы” ҚР Заңы қолданыла отырып, олардың әрқайсысын 1 жыл 9 айға бас бостандығынан айырды.

Алдыңғы пост
«Қайрат» футзал клубына айыппұл салынды
Келесі пост
Бишімбаев пен Байжанов үкімді өзгертуді сұрайды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu