27
Алматыда ішінің қатты ауыруына шағымданған 14 жастағы жасөспірім ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер шұғыл түрде ота жасап, қыздың асқазанынан 1,5 келі шашты алып тастады.
Мамандардың айтуынша, шаш асқазанның көп бөлігін және аш ішектің бір бөлігін жауып қалған. Бұл жағдай ойық жараның пайда болуына, кейін перитониттің дамуына алып келген.
Дәрігерлер, мұндай патология шашты ұзақ уақыт бойы жұтудан пайда болатынын айтады. Бұл, көбінесе психоэмоциялық бұзылыстармен байланысты. Қазіргі таңда жасөспірім үйіне шығарылып, дәрігерлер мен психологтардың тұрақты бақылауында. Оның жағдайы қазір бірқалыпты.