Алматыда «Sim-box» қолдану арқылы жасалған алаяқтық ісі бойынша үкім шығарылды

23

Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен, жәбірленуші «қауіпсіз шот» туралы қияли аңызға сеніп, қаскүнемдерге 19 миллион теңгеден астам қаржысын берген интернет-алаяқтық схемасы ашылып, жолы кесілді.

Тергеу нәтижесінде қылмыстық топ нөмірлерді ауыстыруға және шығыс қоңырауларын жасырын етуге мүмкіндік беретін «Sim-box» құрылғысын қолдана отырып әрекет еткені анықталды.

Жалға алынған пәтерлердің бірінен ұялы операторлардың 1500-ден астам SIM-картасы, ұялы телефондар, ноутбук, роутер және құқыққа қайшы әрекеттер жасау үшін қолданылған құрылғының өзі тәркіленді.

Іс бойынша екі күдікті ұсталды. Олардың біреуі «дроппер» – ақша қаражатын алушы рөлін атқарған, екіншісі алаяқтық схеманы техникалық сүйемелдеуге жауап берген.

Тергеп-тексеру барысында ұрланған 7,8 миллион теңге сомасындағы қаражатқа тыйым салынды.

Сот екеуін де қазіргі заманғы цифрлық технологияларды пайдалана отырып, ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Олар жазасын қауіпсіздігі орташа ҚАЖ мекемелерінде өтей отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Алдыңғы пост
Қазақстан мен Сербия астаналары арасындағы тікелей әуе қатынасы 2025 жылдың соңына дейін ашылады
Келесі пост
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында салтанатты жиын өтті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu