Ата-анасының қамқорлығынан айырылған 62 мың бала баспана кезегінде тұр

248

Елімізде баспана кезегінде тұрған 62 мың жетім бала бар. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев хабарлады.

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова министрге сауал жолдады.

«Жетім мәртебесі бар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған шамамен 63 мың адам баспанасын уақытында алмаған. Бұл мәскелемен 30 жыл бойы ешкім айналыспады. Олар баспанасыз болса да, мемлекет жауапкершілігін орындайды деп үміттенеді. Егер тұрғын үй осы қарқынмен берілсе, олар баспанасын 100 жылдан соң алады. Бұл мәселені қалай шешесіздер?», – деді депутат.

Министр өз тарапынан бұл мәселенің бар екенін алға тартты. Және шешуге әрекеттеніп жатқанын жеткізді.

Бүгінде баспана кезегінде 62 мың жетім бала тұр. Бұл мәселе еліміз бойынша өзекті. Менің ойымша, ваучер идеясын қабылдап, оны пысықтаймыз. Не істеуге болатынын көреміз. Бағдарлама бар.

Өкінішке қарай, бізде жетім балалар баспана кезегінде ұзақ тұрады. Себебі, бұл қағида есепке алынған күнге сәйкес оларға қатысты әрдайым сақталмады, – деді министр.

Алдыңғы пост
Ең қымбат футболшылар рейтингісі жарияланды
Келесі пост
Қылмыс әлемінің авторитетінің 720 пәтері мемлекет меншігіне қайтарылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu