192
Алматыда жүк көлігі автобуспен соқтығысып, 9 адам зардап шекті. Жағымсыз жағдай, Наурызбай ауданында орын алған. Нақтырақ айтар болсақ, жүк көлігі аялдамадағы автобусқа соқтығысқан. Ал қоғамдық көлік қатты соққының әсерінен жеке үйдің қоршауына соғылған.
“Жүк көлігінің жүргізушісі Әшімов көшесімен солтүстік бағытта, Шаляпин көшесінің солтүстігінде келе жатып, аялдама кешенінде тоқтаған 137-маршрут автобусына соқтығысқан. Инерция бойынша автобус жол жиегіне шығып, жекеменшік үйдің қоршауына соғылған”, – деп хабарлады полиция.
Оқиға орнына дәрігерлер шақыртылып, 9 адамға қызмет көрсетілді. Олардың сегізінші жағдайы тұрақты. Ал біреуінің жансақтау бөлімінде жатыр.