95
«Қазақмыс» компаниясының берген мәліметіне сәйкес, шахтада көміртегі газы бөлінген. Салдарынан, екі адам қайтыс болған.
«Барлық жұмысшы жедел түрде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Екі жұмысшы қайтыс болды», – деп хабарлады компания.
Қазіргі таңда, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталу үстінде. Аталмыш факт бойынша, арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстарын жүргізуде.
«Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Марқұмдардың отбасыларына қажетті барлық көмек көрсетіледі.
Айта кетейік, 31 тамызда Шығыс Қазақстан облысындағы «Шығыстүстімет» шахтасында төрт адам қайтыс болған еді. Оларда, белгісіз заттан уланған болатын.