26
Павлодарлық зейнеткер 13 жыл бойы қарттар үйінде тұрып, 3 млн 600 мың теңге жинаған. Қаражатын сырқат балалары бар аналарға таратып беремін деп шешім қабылдаған.
«Қария 3 600 000 теңгені 30 анаға бөліп, әрқайсына 120 000 теңгеден көмектескен», – деп жазылған хабарламада.
Ал, Павлодар облысының бас имамы мүфтият атынан қарияға қажылық сапарға жолдама сертификатын табыстады.