Құрбандыққа шалынған мал етін алу үшін онлайн өтініш беруге болады

Теги: , ,
237

Елімізде мұқтаж жандар Құрбан айт кезінде құрбандыққа шалынған мел етін алу үшін өтінішті онлайн түрде бере алады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров айтты.

ҚМДБ құрбан шалу рәсімдерін өткізу үшін «QURBAN-2023» жобасын әзірлеген.  «QURBAN-2023» жобасы онлайн және офлайн форматта іске асырылады. Құрбан айтта онлайн форматта құрбан шалу және оны мұқтаждарға тарату рәсімдерінің өзіндік тәртібі бар.

«QURBAN-2023» жобасы аясында онлайн форматта құрбан шалу рәсімдерін өткізу және оны мұқтаждарға тарату үшін биыл 16 маусымнан бастап www.qurban2023.kz сайты іске қосылды. Онда құрбан шалу үшін тапсырыс беруші тиісті өтініш қалдыра алады. Ол үшін сайтқа кіріп, көрсетілген нұсқаулықтарды орындауы керек. Құрбандық шалынғандығы туралы есеп ретінде тапсырыс берушінің WhatsApp нөміріне видео жолданатын болады»,-деді Батыржан Мансұров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

Ал мұқтаж жандар сайтқа тіркеліп, шалынған құрбандық етін алу үшін онлайн түрде өтініш толтыра алады. Құрбандық еттерін еріктілер өтініш қалдырған жанның сайтта көрсеткен мекенжайына  жеткізіп береді.

Алдыңғы пост
Шымкент полициясына бір аптада 9 мыңнан астам қоңырау келіп түсті
Келесі пост
Шымкент әкімі журналистерді БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu