281
Түркістан облысында Аружан Орынбайдың өліміне қатысты апелляциялық сот үкімі жарияланды.
Прокурор Аружанды пышақтап өлтірді деген Бейбарысты 20 жылға бас бостандығынан айыруды. Ал оның сыбайласын 8 жыл түрмеге тоғытуды сұрады. Алайда, алқабилер қатысуымен өткен апелляциялық сот шешімі бойынша Бейбарыс 16 жылға, Тасқын 3 жылға бас бостандығынан айрылды.
Естеріңізде болса, 9 сынып оқушысы Аружан Орынбайдың денесі Төрткүл ауылындағы арықтан табылған болатын. Яғни, 18 және 20 жастағы екі азамат қыздан жалаңаш суретін жариялаймыз деп ақша бопсалап, соңында жанжал өліммен аяқталған еді.