Республикалық маңызы бар жолда жылдамдықты асырмаңыз! 

339

Республикалық жолдарда жылдамдық режимін бұзу фактілерін есепке алу енгізілді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ІІ және ІІІ техникалық санаттағы жол учаскелерінде жылдамдық режимін бұзу фактілерін есепке алу шешімі қабылданды. Аталған жолдардағы жылдамдықты арттыру туралы ақпарат тиісті шараларды қабылдау үшін құзырлы органдарға жіберілетін болады деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасы.

Келесі жол учаскелерінде жүргізушілерді бекітілген жылдамдықты сақтауды сұраймыз:

– Павлодар-Семей-Қалбатау автожолының Павлодар облысына қарасты учаскесінде (Долгое-Аққулы) – 100 км/сағ.;

– Павлодар-Семей-Қалбатау автожолының Абай облысына қарасты учаскесінде (Шарбақты-Семеновка – Қалбатау) – 110 км/сағ.;

– Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Саратов) автожолының Батыс Қазақстан облысына қарасты учаскесінде (Болашақ-Достық) – 100 км/сағ.;

– Павлодар-Ресей Федерациясының шекарасы автожолының Павлодар облысына қарасты учаскесінде (Мичурино) – 110 км/сағ, дәл осы жолда Қызытаңнан Өрлітөбеге дейін – 100 км/сағ.;

– Бейнеу-Ақжігіт автожолының Маңғыстау облысына қарасты учаскесінде (Тажен) – 100 км/сағ.;

-Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Самара) автожолының Батыс Қазақстан облысына қарасты учаскесінде (Чапов-Погодаево) – 100 км/сағ.

Жылдамдық режимін сақтау арқылы жол апатын алдын алып, барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтайсыз.

Алдыңғы пост
Қасым Жомарт Тоқаев Сингапур Президентінің Istana сарайына келді
Келесі пост
Аружан Орынбайды өлтірді деген екі азаматқа апелляциялық сот үкімі шықты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu