Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті 

21

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың перспективасын талқылап, әлемдік экономиканың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты деп хабарлады Ақорда.

Қаржы ұйымымен байланыс орнатқаннан бері еліміз шағын және орта бизнес, энергетика, ауыл шаруашылығы сияқты бірқатар стратегиялық секторда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген.

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің бірлескен жобаларға, соның ішінде «жасыл экономика» бағдарламаларын жүзеге асыруға инвестиция құю ниетін құптады.

Одиль Рено-Бассо еліміздің инвестициялық әлеуетіне жоғары баға беріп, қаржы институты Қазақстанның инфрақұрылымдық тұрғыдан дамуын одан әрі қолдауға мүдделі екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, жақында ұзындығы 234 шақырым болатын Ақтөбе – Ұлғайсын автожолын жаңғыртуды қаржыландыру туралы шешім қабылданған. Бұл бағыттың ішкі және халықаралық тасымалды дамытуда маңызы зор.

Одиль Рено-Бассо ЕҚДБ мен Қазақстан ынтымақтастығы табысты дамып келе жатқанын айтты.

Ол 2024 жылы инвестиция көлемі 2023 жылмен салыстырғанда екі есе артқанын, соның нәтижесінде 1 миллиард еуроға жуықтағанын атап өтті. Бұдан бөлек, банк басшысы Қазақстанның көлік әлеуетін және энергетика секторын дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

Алдыңғы пост
Қазақстанда терроризмді насихаттағаны үшін бірқатар азамат сотталды
Келесі пост
Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты кездесулер өткізді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu