204
Nomad MMA бойынша балалар, жасөспірімдер мен жастар арасындағы облыстық жарыста орын алған. Бейнематериалда жасөспірімнің алған соққысынан соң, жерге құлағанын көруге болады. Оған сол маңдағы жақын адамдар көмекке барып, бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда, ақ халаттылар келгенде баланы құтқару мүмкін болмаған.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары оқиға орнында болмағандықтан пікір білдіре алмайтындықтарын жеткізген. Ал, Nomad MMA федерациясының өкілдері жедел жәрдем қызметінің бірден келгенін, бірақ студентті құтқару мүмкін болмағанын хабарлады.
Қазіргі таңда тергеу жүргізілуде. Алдағы уақытта оқиғаның мән-жайын анықталатын болады.
Сурет видеодан алынды