262
Атырауда Алмагүл ықшамауданында алты қабатты тұрғын үйдің 1 қабатында өрт оқиғасы орын алды. Пәтердегі 74 ш. м. алаңды қызыл жалын шарпыған.
Оқиға орнына лезде жеткен ТЖД қызметкерлері автосатымен және баспалдақ маршымен 67 адамды өрттен аман алып қалды. Оның ішінде балаларда бар.
Абырой болғанда тілсіз жау ауыздықталды.
Алайда, оқиға орнынан 1954 жылы туған әйел адамның өлі денесі табылды. Сондай-ақ 1994 жылы туған ер жігітті күйік шалып, ауруханаға жатқызылды.
Айта кетейік, өрттің алдын ала себебі – қасақана өртеу болып отыр. Алдағы уақытта кінәлі адамдар анықталып, жазасын алатын болады.