Папиллома вирусына қарсы екпе алған кейбір жасөспірім талып қалған

144

Осыдан бір апта бұрын Қазақстанда жасы 11-ден асқан қыздарды папиллома вирусына қарсы вакцинациялау басталған болатын.

Павлодар облысында оқушылар екпе кезінде есінен танып қалған. Осыдан кейін вакцинация тоқтатылған.

Алайда, вакцина оқушылардың репродуктивті жағдайына кері әсер етпеген дейді мамандар.

“2023 жылы үлкен зерттеу жүргізіп, сол қыздарды таптық. Адам папиллома вирусының бар-жоғын тексеру үшін сараптама жүргізіп, менструалды қызметі мен бала туу қабілетіне сараптама жүргіздік. Олардан адам папилломасы вирусы анықталған жоқ. Қыздар бүгінде ана атанған, вакцина босануға әсер етпеген”, – деді Диляра Қайдарова.

Қыздардың талып қалуына эмоционалдық жай-күйі әсер еткен дейді дәрігер.

Қауіпті дерттің негізгі себебі – адам папилломасы вирусы. Бұл вирус вирустар папилломасы түріне жатады. Бүгінде олардың 200-ден астам түрі болса, 14-і жоғары онкогенді сипатқа ие. Жатыр мойны ісігін алдын алу үш кезеңнен құралған. Біріншісі вакциналау болса, екіншісі – скринингтен өту. Үшінші кезеңі обыр алдында сәулелі, химиялық және хирургиялық тепарпия арқылы емдеу бойынша жүргізіледі. Екпе 15 жасқа дейін салынады дейді онколог мамандар.

Айта кетейік, екпе мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың келісімімен жүргізіледі. Бұдан бөлек вакцинация тіркелген жердегі емханаларда да жүргізілуі мүмкін.

Алдыңғы пост
Атырауда пәтерге қасақана өрт қойылған: Бір адам қаза тапты
Келесі пост
Астанада цифрлық активтерді заңсыз өндіру фактісі анықталды 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu