287
Ауғанстанда қатты нөсер жауын жауып, 300-ден астам адам қаза тапқан. Ел билеушісі «Талибан» қозғалысының мәліметі бойынша, 12 мамырда қаза тапқандар саны 315-ке жетіп, 1600-ден астам адам жарақат алған.
БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері апат салдарынан 1000-нан астам үй қирағанын және зардап шеккен аудандардың көпшілігіне жүк көліктерінің жете алмай жатқанын атап өтті.
Save The Children халықаралық қайырымдылық ұйымы табиғи апаттан, әсіресе, балалардың көбірек зардап шегетінін ескертті. Ұйымның мәліметінше, Бағлан провинциясының ең көп зардап шеккен бес ауданында 600 000 адам тұрады, оның 310 000-ы бала екен.