Былтыр желтоқсан айында шымкенттік тұрғын автобустан құлаған. Яғни, жүргізушісі қоғамдық көліктің артқы есігін жаппай, жүріп кеткен. Салдарынан 63 жастағы жолаушының сол аяғы есікке ілініп, автобустан құлап кеткен.
Жәбірленушінің бір аяғы бірнеше сынық алып, 6 айдан соң оған екінші топтағы мүгедектік берілген. Оған, қоғамдық көлікте зардап шеккені үшін, сақтандыру төлемі берілді. Денсаулығынан айырылған тұрғын, 13 млн теңге өтемақы алды.
Егер, жол апатының салдарынан мүгедектік тағайындалған жағдайда – мүгедектік тобына қарай 2500-ден 5000 АЕК-ке дейін (9 230 000 – 18 460 000 теңге) беріледі.
Мәселен, мүгедектік белгіленбестен жарақат алған жағдайда – емдеуге кеткен шығын мөлшерінде, бірақ 200 АЕК-тен (738 400 теңге) аспайды. Ал, жәбірленуші қайтыс болған жағдайда – 5 000 АЕК (18 460 000 теңге) беріледі.