Қазақ спортшыларының жарқын жеңісі

20

Дзюдо: Елордада өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде отандық спортшылар 3 күміс және 6 қола жүлде жеңіп алды.

Байдарка мен каноэде ескек есу: Қытайдың Наньчан қаласында өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз 4 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Нәтижесінде, жалпыкомандалық есепте Ұлттық құрама екінші орынға тұрақтады.

Велоспорт: Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Өзбекстанда мәресіне жеткен Silk Way Namangan халықаралық турнирінде 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль иеленді.

Ауыр атлетика: Перу астанасы Лимада өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 5 медаль жеңіп алды – 2 алтын, 3 қола.

Спорттық гимнастика: Болгарияның Варна қаласындағын Challenge Cup турнирінде өнер көрсеткен Зейнолла Ыдрысов тұтқалы ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдегер атанды. Отандасымыз 14.233 ұпай жинады.

Нысана көздеу: Чехияда өткен 53rd GP of Liberation Pilsen 2025 халықаралық турнирінде 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысана көздеуден ерлер арасында Асадбек Назиркульев топ жарса, әйелдер арасында бақ сынаған Фатима Ирназарова қола медаль иеленді.

Семсерлесу: Ұлттық құрама көшбасшыларының бірі Руслан Құрбанов Боготадағы (Колумбия) Гран-при жарысында күміс жүлдегер атанды.

Алдыңғы пост
Екі адамды өлтіру дерегі бойынша қылмыстық тергеу аяқталды
Келесі пост
Елімізде ұзындығы 6000 шақырымнан асатын 1485 суару арнасын жаңғыртылуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu