Бірінші халықаралық жолбарыстарды қорғау форумында барлық жолбарыс ареалы бар елдер 2012 жылға дейін жабайы табиғаттағы жолбарыстар санын екі есе көбейтуге келіскен болатын. (шамамен 3000 басқа) Ал, Қазақстан үкіметі елде жолбарысты қайта енгізу жұмыстарының басталғанын ресми түрде жариялады. Бұл туралы, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
Қазақстан, Ресей және Швейцарияның бірлескен экспедициясының нәтижесінде, Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) жобасы аясында Тұран жолбарысын Орталық Азияда қалпына келтіру үшін ең қолайлы орын ретінде Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы, Есіл өзенінің атырабы мен оның шығыс жағалауы таңдалды.
«Осыдан шамамен 15 жыл бұрын, 2010 жылы өткен Жер бетінде жолбарыстарды сақтап қалу мәселелері бойынша алғашқы халықаралық форумда Қазақстан мысықтұқымдас жабайы жыртқышты еліміздің табиғатына қайта оралтуға дайын екендігін хабарлаған болатын. Арада жеті жыл өткеннен кейін Қазақстан, Ресей және басқа да елдердің ғалымдарының тынымсыз еңбегі нәтижесінде елімізде жолбарысты қайта жерсіндірудің бірегей бағдарламасы әзірленді. Осы уақыт аралығында алаңы 415 мың гектар жерді қамтитын «Іле-Балқаш» резерватын құрудан бастап оңтүстік Балқаш маңы экожүйесін қайта қалпына келтіруге дейін үлкен жұмыс атқарылды. Қазіргі таңда біз көп еңбекті талап ететін жұмыстың және қызметкерлеріміздің өз істеріне адалдығының нәтижесін көріп отырмыз. Қазақстанға алғашқы жолбарыстар жеткізілді және осы атаулы оқиға бағдарлама міндеттерінің сәтті орындалғанын растайды», – деді өз сөзінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Нидерланд орталығымен арадағы меморандум Қазақстанда жолбарыстарды өсіру мақсатында бірлескен өнімді жұмыстың бастамасына жол ашты. Ол елімізде биоалуантүрлілікті сақтап қалу және қайта алпына келтіру жолында маңызды қадамға айналды. Сонымен қатар, бұл құжат табысты халықаралық ынтымақтастықтың үлгісін паш етеді. «Іле-Балқаш» резерватының қарышты дамуы, қайта жерсіндіру бағдарламасының барлық белгіленген жоспарларының нақты іске асырылуы және халықаралық әріптестердің қолдау көрсетуі болашақтағы экологиялық бастамаларға және еліміздің табиғатты қорғау саласындағы жетістіктеріне сенімді негіз қалыптастырады деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев.