Шымкентте «Самал» базары маңындағы ғимарат отқа оранды

Теги: ,
258

Шымкентте «Самал» базарының маңында өрт шықты. Оқиға туралы «101» диспетчерлік пультіне 1 тамызда  сағат 10.37-де хабарлама келіп түскен.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, базар артында орналасқан аумағы 60 шаршы метр ғимараттың шатыры толығымен жанып кеткен. Сонымен қатар ғимарат жанында тұрған «KIA OPTIMA» маркалы жеңіл автокөлігінің алдыңғы бөлігі еріген.

«Өрт сағат 10:55-те оқшауланып, сағат 11:05-те толығымен сөндірілді. Қызыл жалынды сөндіруге Өрт сөндіру қызметінің  12 қызметкері мен 3 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда» делінген ТЖД мәліметінде.

Алдыңғы пост
Созақта бағдаршаммен ойнаған балалардың ата-аналары жауапқа тартылды
Келесі пост
Талдықорғанда 4 жасар бала отбасылық демалыс кезінде суға батып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu