Қазақстан мен Сербия астаналары арасындағы тікелей әуе қатынасы 2025 жылдың соңына дейін ашылады

24

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербия Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Сербия Республикасының Құрылыс, көлік және инфрақұрылым министрі Александра Софрониевич ханымның арасында екі ел астаналары арасында әуе қатынасын ашу мәселесі бойынша келіссөздер өтті. Сонымен қатар, Сербия Республикасының Туризм және жастар істері жөніндегі министрінің орынбасары В. Ракич ханыммен кездесу өтті деп хабарлады баспасөз қызметі.

Келіссөздерге Қазақстан тарапынан «SCAT» әуе компаниясының басшылығы мен туристік компаниялардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында тараптар ағымдағы жылдың соңына дейін Астана мен Белград (Сербия Республикасы) арасында әуе қатынасын, соның ішінде «әуе еркіндігі» бесінші дәрежесін пайдалану арқылы ашу мәселесін талқылады.

Алдыңғы пост
Ордабасы ауданының оқушысы ҰБТ-ден 140 балл жинады
Келесі пост
Алматыда «Sim-box» қолдану арқылы жасалған алаяқтық ісі бойынша үкім шығарылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu