Қазақстан мен Өзбекстан спорт саласындағы әріптестікті дамытып келеді

44

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қытайда өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің спортқа жауапты министрлерінің кеңесі аясында Өзбекстан Спорт министрінің орынбасары Мурад Исмаиловпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар спорт саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, екі ел спортшыларының халықаралық жарыстарға қатысуы, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру, сондай-ақ спорт федерациялары арасындағы ынтымақтастықтың болашағы сөз болды.

«Қазақстан мен Өзбекстан арасында спорт саласында достыққа негізделген, мазмұнды қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Өзбекстандық спортшылардың елімізде өтетін жарыстарға белсенді қатысуын жоғары бағалаймыз. Сондай-ақ оқу-жаттығу жиындары аясындағы екіжақты тәжірибе алмасудың оң динамикасы байқалады. Париждегі Олимпия ойындарында Өзбекстан құрамасының сәтті өнер көрсетуін және елімізде өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының табысты өтуіне қосқан зор үлесін ерекше атап өткім келеді. Бұл ойындарда дәстүрлі ұлттық спорт түрлері лайықты деңгейде дәріптелді. Біз ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, спорт ғылымын дамыту, жаттықтырушыларды даярлау және спорт арқылы мәдени құндылықтарды ілгерілету бағытында жаңа бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға дайынбыз. Біздің әріптестігіміздің әлеуеті зор екеніне сенімдімін. Орталық Азияда мықты спорттық ортаны қалыптастыруға бірге үлес қоса аламыз», – деді Ербол Мырзабосынов.

Кездесу соңында Мурад Исмаилов Ербол Мырзабосыновты Өзбекстанға жұмыс сапарымен келуге шақырды.

Алдыңғы пост
Тараз қаласы құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға түрмеге тоғытылды
Келесі пост
Елімізде дәрі-дәрімектерді 100 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тіркеу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu