Қоғамдық автобус 6 адамды қағып, 5-уі мерт болды. Жауаптылар не дейді?

188

Шымкентте 8 сәуір күні жантүршігерлік жол апаты орын алып, 5 адам мерт болды. Белгілі болғандай, жол бойында тоқтап тұрған қоғамдық көлік жүргізуші басқаруынсыз өздігінен қозғалып, аяқжолда тұрған адамдарды қағып кеткен. Қанды оқиғадан кейін жолаушылар тасымалына жауаптылар шұғыл жиын өткізіп, оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Шымкент қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Мұхтар Қоқанбаевтың айтуынша, қайғылы оқиға адами фактор себебінен болған. Осы трагедиядан кейін қаладағы барлық автобус жүргізушілері аттестациядан өтпек.

«Кешегі қайғылы жағдай адами фактор себебінен болып отыр. Жол апатынан кейін жолаушы тасымалдаушыларға талап күшейеді. Барлық жүргізушіні шұғыл түрде аттестациядан өткізу керек»,-деді басқарма басшысы.

Жолаушы тасымалдаушы Shymkent Bus компаниясының директоры Азат Қайыпбек автобус өздігінен қозғалып кеткен сәтте жүргізуші қайда болғанын былай түсіндіріп берді.

«Соңғы аялдамада автобусқа балалы әйел отырғысы келген. Бірақ дәретханаға барып келу қажет болған жүргізуші олардан күте тұруларын сұранған. Ол есіктің барлығын жауып, автобусты оталдырған күйі және қол тежегішке қойғанына көз жеткізбестен салоннан шығып кеткен. Біз оны автобус ішіндегі бейнебақылау камерасынан көрдік. Шамамен 40 секундтан кейін белгісіз себептермен автобус қозғала бастаған. Көлік қол тежегішіне қойылмаған. Оны жол апатынан соң автобус тоқтағаннан кейін куәгерлер көрген. Осыдан кейін жүргізуші жүгіріп келіп, қол тежегішін басқан»,-деді Азат Қайыпбек.

Қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Мұхтар Қоқанбаев орын алған қайғылы жағдайға байланысты терегу жұмыстары жүріп жатқанын, соның нәтижесі аясында барлығы белгілі болатынын алға тартты.

«Тергеу жүріп жатыр. Нәтижесін күтейік. Жүргізуші «ручникке» қойды ма, жоқ па? Жүргізуші кінәлі ме, әлде автобустың техникалық жағдайы ма? Бұның барлығына жауапты тергеу нәтижесінен кейін айта аламыз»,-деді ол

Еске салсақ, 8 сәуір күні кешкі сағат 18.30 шамасында «Метро» сауда үйінің жанындағы көшеде жүргізуші басқаруынсыз тоқтап тұрған №21 бағыттағы қоғамдық көлік кенеттен қозғалып, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Салдарынан аяқжолда тұрған 6 адамды қағып кетті. Оқиға орнында екі әйел мен бір жасөспірім мерт болды. Тағы екі адам ауруханада көз жұмды.

Шымкент қалалық Полиция департаментіндегілердің мәліметінше, жүргізуші автобусты қол тежегішінде қалдырып, көліктен шығып кеткен. Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қоғамдық автобустың жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін автотехникалық сараптама тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Жол апатынан мерт болғандардың отбасыларына тасымалдаушы компания тарапынан материалдық көмек көрсетілетін болады.

Алдыңғы пост
Шымкентте автобуспен болған қайғылы оқиға шұғыл кеңес өткізуге себеп болды
Келесі пост
«Ордабасы» мен «Ақтөбе» жанкүйерлері төбелесіп қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu