Қазақстан Президенті Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ресми ашылу салтанатына қатысты

270

​Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен және Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельмен бірге Қырғызстанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ресми ашылу шарасына қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттер Қырғызстанның Ұлттық тарихи мұражайының коллекциясы қойылған «Ықылым мұрасы» көрмесімен танысты. Содан соң қырғызстандық өнер шеберлерінің концертін тамашалады.

Концерт бағдарламасы аясында «Манас» эпосынан үзінді оқылып, халық ақыны Тоқтоғұл Сатылғановтың санаттары (дидактикалық өлеңдері) орындалды. Сондай-ақ халық жазушысы Шыңғыс Айтматовтың шығармаларынан үзінділер қойылды.

Сонымен қатар қазақ және қырғыз халықтарының бауырластығын дәріптеу мақсатында қырғыз өнерпаздары Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов сияқты тұлғаларымыздың бейнесін сомдап, екі халыққа кең тараған ән-күйлерді орындады.

Алдыңғы пост
Өңірлерде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері тағайындалды
Келесі пост
​Сарыағашта үй ауласында есірткі еккен әйел сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu