Шымкент тұрғыны үйінің жанына қойып кеткен көлігін таппай қалды

Теги: , ,
296

Шымкентте түнгі уақытта болған көлік ұрлығы видеоға түсіп қалды.

Полицияға «Ауди 80» көлігінің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен. Жергілікті тұрғын көлігін түнде үйдің жанына қойғанын, келесі күні таңертең оны әдеттегі орнынан таппай қалғанын айтқан. Арызданушының айтуынша, ол кілтті көлікте қалдырған, бірақ есіктері бұзылғандықтан жабылмайды екен.

Көлік ұрлаған күдіктінің бұл әрекеті сыртқы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тұраққа қойылған көліктердің ішінен автоұры ескі шетелдік көлікті таңдап, оған ашық тұрған есік арқылы оңай кіріп, жәй ғана айдап кеткен.

«Жол камераларының көмегімен жедел басқару орталығының инспекторлары күдіктінің қозғалыс бағытын қадағалады. Белгілі болғандай, ол жолда Audi-ден нөмірлерді алып тастап, оларды лақтырып жіберген» деп мәлімдеді полициядан.

Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Түркістан облысының 19 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шыққан. Жедел уәкілдер ұрланған көлік құралын сол облыстың аумағында жарты күн ішінде тапты. Ал күдікті келесі күні ұсталды.

Жас жігіттің жеңіл көліктен бірнеше қосалқы бөлшектерді шешіп алғаны белгілі болды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Шымкенттік балалар суда жүзуді тегін үйреніп жүр
Келесі пост
Алдағы уақытта Түркістаннан Абу-Дабиге тікелей ұшуға болады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu