Қазақстанда 800 мың киік атылуы мүмкін — министрлік

42

Қазақстанда киік санын реттеу мақсатында 800 мыңға жуық киік аулануы мүмкін. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, киік популяциясын реттеу бойынша ғылыми негіздеме дайындалған.

«Біз 1-2 күн ішінде өз шешімімізді жариялаймыз. Ғалымдар ұсынған негіздемеге сәйкес, бүкіл популяцияның 20 пайызы реттеуге жатады. Көктемгі санақ қорытындысы бойынша елімізде жалпы саны 3 миллион 900 мың киік бар», — деді Ерлан Нысанбаев.

Ғалымдардың ұсынымына сәйкес, шамамен 4 миллионға жуық киіктің 800 мыңы реттеуге жатады. Бұл ұсыныстың негізгі себебі – киік популяциясының шектен тыс көбеюі және олардың ауыл шаруашылығына, әсіресе егін алқаптарына зиян келтіруі.

Министрлік алдағы күндері нақты шешімді жарияламақ.

Алдыңғы пост
«Таза Қазақстан» акциясы аясында балалардың қатысуымен 44 мың экологиялық іс-шара өтті 
Келесі пост
Елордада қайтарылған активтер есебінен жаңа стадион салынуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu