Отырарда суға батқандарды іздестіру жұмыстарына шымкенттік құтқарушылар жұмылдырылды

Теги: , , , ,
297

Отырар ауданы Сырдария өзенінде суға батқан бір әулеттің мүшелерін іздестіру жұмыстарына шымкенттік құтқарушылар  жұмылдырылды. Соңғы дерек бойынша, қазіргі таңда 11 адамның 9-ының денесі табылды. Кәмелет жасына толмаған екі баланың денесін іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. 

Шымкент қалалық ТЖД мәліметінше, жедел-құтқару жасақтың 6 құтқарушысы, 1 жүзу құралы және 1 техника 21 тамызда сағат 20.15-те жолға шығып, 22 тамызда сағат 00.10-да Отырар ауданы Көксарай ауылына жеткен. Шымкенттік құтқарушылар Сырдария өзенінде іздестіру-құтқару жұмыстарын таңғы сағат 07.00-ден бастап жүргізуде. Бүгін, 22 тамызда Шымкент қ. ТЖД жедел-құтқару жасақтан   қосымша күш және құралдар жолданды.

Жалпы іздестіру жұмыстарына 150 адам, 18 техника, 2 дрон және 6 жүзу құралдары жұмылдырылған.

Еске салсақ, 21 тамыз күні кешкі уақытта Отырар ауданындағы Көксарай ауылына жақын жердегі Сырдария өзенінде 11 адамның суға батып кеткені белгілі болды. Олар ағайынды 4 отбасының мүшелері.

Алдыңғы пост
Төтенше жағдайлар министрі Сырдариядағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді
Келесі пост
Қазақстаннан шетелге қоныс аударушылар саны азайып келеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu