Қоғамда құмаройынға тәуелділік-қарыз алуға себеп болып отыр. Көпшілігі қарыз алып, несиеге белшеден батуда. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов осылай дейді.
“Адамдар казиноларға бәс тігіп, табыс табуға бейім. Кейбір жағдайларда олар банк несиелерін де пайдаланады. Ерлі-зайыптының бірі несие алады да, болашақта бұл несие отбасылық бюджетке ауыртпалық түсіретін жағдайлар бар”, – деді ол.
Оның айтуынша, мұндай қажетсіз несиелердің санын азайту үшін жұбайының келісімімен жеке тұлғаға банктік несие беру талабы қолдау тауып отыр. Мұндай шешім көпшілікті қуантуы мүмкін. Әсіресе, лудоманияның салдарынан ажырасқан отбасыларға әлдеқайда көмек болуы мүмкін.
Былтырғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде лудоманияға шалдыққандар саны 36 мыңға жеткен. Ал ҚР Парламенті мәжілісі депутаттарының есебі бойынша, құмар ойынның құрығына іліккендер саны 350 мыңнан асқан. Ал, жалпы букмекерлік кеңселерде 2 миллионға жуық ойын аккаунттары тіркелген. Оның 300 мыңнан астамы белсенді қолданушылар қатарында болған.