Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев, газ бағасын кезең-кезеңімен көтеру қажет деп отыр. Оның айтуынша, бүгінде елімізде тауарлық газдың орташа құны мың текше метріне 33 169 теңге. Бұл ретте тауарлық газдың бекітілген көтерме бағасы 23 646 теңге болады.
“Газ саласына инвестиция тарту және тауарлық газдың өзіндік құнына қолжеткізу үшін газ бағасын кезең кезеңімен көтеру қажет, бұл ретте халық үшін бағаның күрт өсуіне жол бермеу ескерілуі керек. Тұтастай алғанда, үш жыл ішінде ішкі нарықта газды шығынсыз сатуға қолжеткізу жоспарланған, бұл елдің газға деген өсіп келе жатқан қажеттілігін өтеуге және еліміз үшін маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді”, – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Айта кету керек, 1 шілдеден бастап, ішкі нарық бойынша газдың көтерме бағасы орташа есеппен 14,6 пайызға қайта қаралған. Сондай-ақ, министр жыл сайын газға деген сұраныс артқан деп отыр.