368
Шымкентте Абай ауданындағы Іңкәр Дария көшесі бойында орналасқан қойма отқа оранды. Оқиға кеше, 30 мамыр күні күндізгі уақытта болған.
Кезекші-диспетчерлік қызметтің “101” пультіне қойма шатырының жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Қойма ішінде ескі тоңазытқыштар болған. Қойманың жалпы ауданы 720 шаршы метрді құраған, ал қызыл жалын 180 шаршы метр аумақты шарпыған. Сондай-ақ қойма аумағында 10 шаршы метр құрғақ шөп өртенді.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамынан 37 адам мен 6 техника жұмылдырылды. Қызыл жалын сағат 15.02-де толығымен сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.