96
Теміржол бөлшектерін қолды қылғандардың кесірінен апатты жағдай туындауы мүмкін. Алайда, күдіктілер талай адамның наласына қалатынын ескермесе керек.
Нақтырақ айтар болсақ, 3 қараша күні Отар – Шілбастау аралығында теміржолдың бекіту бөлшектері, бұрандалар, бағыттағыштар және қысқыштар ұрланғаны белгілі болды.
ҚТЖ мәліметіне сәйкес, белгісіз біреулер барлығы 2745 бөлшекті қолды қылған. Бұл дегеніңіз, теміржолдағы ірі апатқа себепші болуы мүмкін. Өйткені, вагондар рельстен шығып кетуі ғажап емес.
Құрметті ұрылар, теміржолды тонау, бұл масқара!