Қазақстанда Қырғызстанның мәдениет күндері өтеді

214

26-29 қазан аралығында Қазақстанның елордасы Астанада Қырғызстанның мәдениет күндері өтеді, деп хабарлайды Elitar.kz Қырғызстанның kabar.kg ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бағдарламаға сәйкес 26-29 қазан аралығында «Қырғыз киносының күндері» өтеді, ал 26 қазанда Қырғыз Республикасының халық жазушысы Шыңғыс Айтматовты еске алуға арналған «Дөңгелек үстел» ұйымдастырылады – Қырғызстан мен Қазақстанның халық әртістерінің, халық ақындарының, жазушыларының, кинематографистерінің, ғылым докторларының, академиктерінің, қоғам қайраткерлерінің кездесуі.

27 қазанда Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Мәдениет күндерінің ресми ашылуы, Қырғызстан өнер шеберлерінің гала-концерті, театр фойесінде Қырғызстанның тарихи-мәдени мұрасы мен қолөнерінің көрмесі өтеді.

Сонымен қатар, 28 қазанда «Манас» эпосына арналған іс-шара және Нұрдин Түгелов атындағы «Ақ марал» мемлекеттік би ансамблі мен Шалағыз Исабаев атындағы «Қамбарқан» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерттері өтеді.

Қорытынды күні, 29 қазанда Қазақстан Республикасындағы Қырғыз Республикасының мәдениет күндерінің салтанатты жабылуы өтеді, онда Токтоболот Абдымомунов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театрының «Саманчының жолы» спектаклі көрсетіледі.

Қырғызстанның Мәдениет күндерінің делегациясын Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов бастап келеді. Бұл мәдени шараға Қырғызстаннан 300-ден астам адам – халық әртістері, халық ақындары, жазушылар, кинематографистер, ғылым докторлары мен қоғам қайраткерлері қатысады.

Еске сала кетейік, 2021 жылғы 2-3 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген еді. Келіссөздер барысында екі ел арасындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланып, мәдениет күндерін паритеттік негізде өткізу туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Соған сәйкес, 2021 жылғы 7-9 қазанда Бішкек қаласында Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы Мәдениет күндері өткен болатын.

Алдыңғы пост
Қазақстандық жазушылардың шығармалары әлемнің танымал тілдеріне аударылады
Келесі пост
​Өзен маңынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu