45
150 АЕК-тен (шамамен 600 000 теңге) асатын несие сомасы 24 сағаттан кейін ғана беріледі.
Осы уақыт ішінде азамат несиені өзі рәсімдегенін растауы тиіс. Қаржы ұйымдары бір тәулік ішінде тұтынушыға хабарласуға міндетті.
Егер азамат алғаш рет несие алса, банк бөлімшесіне өзі баруы қажет. Заң бұзылған жағдайда, қарыз сотсыз кешіріледі.
Бұл шара онлайн алаяқтықтың алдын алу үшін қабылданды. Несие рәсімдеу үшін eGov арқылы келісім беру қажет.
Жаңашылдық 21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан азаматтарға қолданылады.