Қазақ тілін келемеждеген Черчесовқа сенім артуға болады ма? 

92

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Словениядан жеңіліп қалған соң, бас бапкері Станислав Черчесов журналистермен тілдесті. Ол, қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіге, «француз тілінде сөйлеп отырсың ба?»,-деп күлкі етті.

Желіде тараған видеодан Черчесовтің миығынан күлгенін, жанындағы аудармашының сұрақты орысшаға тәржімалағанын байқауға болады.

Дәл осы қылығымен сын астында қалып, көпшіліктің талқысында жүр. Десе де, ол осыдан екі ай бұрын, қазақ тілін үйреніп жүрмін деп жазба жариялаған болатын. Сондай-ақ, қазақ дәстүрі мен мәдениетін тануға мүмкіндік аламын. Тіпті, бірінші сабағымды өткіздім деген еді.

Айта кетейік, УЕФА Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасы Алматыда Словенияны қабылдап, 0:1 есебімен словениялықтарға есе жіберген болатын. Оған дейін, Австриямен теңбіл допқа таласып, 4:0 мен ұтылған еді.

Алдыңғы пост
«Хуторский» ауылының лидері деп танылған Хасан не дейді?
Келесі пост
Букмекерлік кеңселер мәжіліс депутаты Руслан Берденовті сотқа берді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu