Азиада-2023. Димаштың Қытайдағы фанаттары қазақстандық спортшыларға жанкүйер болуда

Теги: , , ,
149

Ханчжоуда өтіп жатқан XIX Азия ойындарында қазақстандық спортшылар жергілікті жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленуде.

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, ұлттық құрамаға Қытайда оқып жатқан студенттер, қандастармен қатар жергілікті спорт жанкүйерлері де қолдау білдіріп жатыр.

«Қазақстандық дзюдошылардың белдесулерін көрдім. Жақсы өнер көрсетті. Қазақстанда да ірі халықаралық іс-шаралар өтетінін білемін. 2017 жылы сіздерде ЭКСПО көрмесі өткенінен хабардармын»,- дейді Ханчжоу тұрғыны Дэн Юэ.

Сондай-ақ, Азиадада жүрген еріктілер арасында да қазақстандық спортшыларға қолдау білдіретіндер көп. Олардың басым бөлігі әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері. Жастардан бөлек, Димаштың өнерін бағалайтын ересектер де қазақстандықтарға ыстық ықылас білдіруде.

«Ия мен ол әншіні (Димашты) білемін, концертте көрдім, өте керемет! Қазақстанның спортшылары мен жанкүйерлеріне алыстан келіп, Азиадаға қатысқандары үшін алғыс білдіреміз. Бұл өз еліне және спортқа деген сүйіспеншіліктің дәлелі»,- дейді Азия ойындарын тамашалауға Бейжіңнен келген Лю Пэнчжань.

Алдыңғы пост
Ерте есейгісі келген екі оқушы аман-есен табылды
Келесі пост
СҚО-да жеке үй өртеніп, бойжеткен мен екі бүлдіршін көз жұмды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu