«Қазпошта» арқылы АҚШ-тан есірткі алған күдікті ұсталды 

90

Сарыарқа ауданының прокуратурасы есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.

Есірткі және психотроптық заттарды жеткізу арналары, соның ішінде пошталық жөнелтілімдер арқылы тасымалдау жолдары толығымен бұғатталуда.

Прокуратура қызметкерлері пошта бөлімшелерінің қызметкерлерімен тұрақты кездесулер өткізіп, оларға есірткі және психотроптық заттардың ерекшеліктері, иістері және белгілері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Сарыарқа ауданының прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, полиция қызметкерлері, «Қазпошта» АҚ қауіпсіздік қызметі мен Астана қаласы бойынша ҰҚК-нің Департаменті өкілдерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде АҚШ-тан келген жөнелтілімді алған күдікті тұлға ұсталды деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.

Күдіктіні жеке тінту барысында жалпы салмағы 569,13 грамм болатын екі пакетке салынған каннабис сығындысы (гашиш майы) алынды.

Аталған факт бойынша ҚК-ң 286-бабының 4-бөлігі (айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың аса ірі мөлшерде контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар кінәлі тұлғалар анықталуда.

Алдыңғы пост
Проблемалық борышкерлер жауапқа тартылды
Келесі пост
Мьянмада 140-тан астам адам қаза тауып, 800-ге жуық адам жараланған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu