Бүгін-Отбасы күні

284

Отбасы күні шамамен 10 жылдан бері тойланып келеді. Осы уақыт ішінде Қазақстанда отбасылар саны 1,5 млн асты. Ал, ажырасу саны соңғы 5 жылда 48,6%-ға азайған.

Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Кішкентай азамат құрмет, сүйіспеншілік, өзара көмек, еңбекқорлық сияқты маңызды құндылықтарды отбасында біліп өседі.

Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: ”Отбасы – шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер” дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Осы сияқты әр отбасының өз тактикасы, басқару жүйесі болады.

Айта кетейік, Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Биыл мереке 8 қыркүйекке тұспа-тұс келген.

Ендеше, Отбасы күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Отбасымыз да, дендері сау, саналы, иманды ұрпағымыз көбейе берсін!

Алдыңғы пост
Майқайың кенішінде қайтыс болған құтқарушының туыстары компаниядан 120 млн теңге өндіріп алды
Келесі пост
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu