ДСМ: Қазақстанда балалардың 17,5% буллингке ұшырайды

Теги: , , ,
143

Қазақстанда балалардың 17,5%-ы мезгіл-мезгіл буллингке ұшырайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіндегілер мәлімдеді.

Сауалнамаға қатысқан жасөспірімдердің 6,8%-ы айына 2-3 рет айналасындағылардың тарапынан оларға қарсы қоюды және қорқытуды бастан кешіреді екен. 11-15 жастағы балалардың 14,1%-ы өз құрдастарына қатысты буллингке қатысқанын мойындаған. Мұндай деректер ведомствоның Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жүргізген ұлттық зерттеу нәтижесінде алынған.

Ұлдардың арасындағы буллингке қатысу көрсеткіштері қыздарға қарағанда жоғары. Буллингке ұшырағандарының ең жоғары үлесі 11 жастағы балалардың арасында болады және олар 15 жасқа толған сайын төмендейді.

Өткен жылы 11 жастағы ұлдар мен қыздардың арасында буллингке ұшырағандарының үлесі (кемінде 2-3 рет) 17,7%, ал 2018 жылы – 14% болды. Бұл балалардың арасында буллингке ұшырағандарының 3,7% өсуін білдіреді.

“Буллингтің профилактикасы үшін ерте араласу өте маңызды, бала зорлық-зомбылықпен жалғыз қалмауы керек. Мұнда мұғалімдердің мұқияттылығы мен ұстанымы, ата-ана мен баланың арасындағы сенімді қарым-қатынас өте маңызды. Өкінішке орай, бұл жаралаушы тәжірибенің салдары  бар және депрессия мен суицидтік ойларға дейін балалардың психикалық денсаулығына терең теріс әсер етуі мүмкін” делінген министрлік мәліметінде.

Буллингке ұшыраған балалардың белгілерін келсек: зейін қою проблемалары, депрессия, көңіл-күйінің болмауы, ашуланшақтық, сенімсіздік сезімі, сезімталдықтың жоғарылауы, асқазанның ауыруы, шаршау, тәбеттің болмауы жатады. Сонымен қатар әлеуметтік байланыстардың жоқтығы және қорқыныш белгілері болуы мүмкін. Мысалы, кеуде тұсындағы қысым, терлеу, арқасының, желкесінің, бұлшық еттерінің ауыруы, ұйқының бұзылуы.

Егер сіз балаңызда осындай белгілерді байқасаңыз, шұғыл шаралар қабылдау қажет. Ең алдымен мұғалімдерге хабарлау керек және бұл мәселені психологтарды және қажет болған жағдайда ювеналды инспекция қызметкерлерін тарта отырып, бірлесіп шешу қажет.

Алдыңғы пост
СҚО-да жеке үй өртеніп, бойжеткен мен екі бүлдіршін көз жұмды
Келесі пост
Шымкентте мамандандырылған ХҚКО-да өрт шықты

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu