Бүтін бір отбасының өмірі қыршын кетті

229

Қайғылы оқиға Ақмола облысы, Аршалы ауданы Арнасай ауылынан 2 шақырым жердегі Астана су қоймасында орын алған.

Облыстық ТЖД мәліметінше, суға батқан 4 адам – бір отбасының мүшелері. 44 жастағы әйел және 23 жастағы қызбаланың денесі судан шығарылды. Ал кейіннен жергілікті жедел-құтқару тобы әкесі мен ұлының мүрдесін тапқан. Жанұя Астанадан демалысқа келген екен.

Төрт адамның өмірін қиған қайғылы оқиға шомылуға тыйым салынған жерде болды. Бұл аймақта арнайы белгілер бар. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті тұрғындар мен аудан қонақтарын судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Балаларды қадағалауға баса назар аударуды сұраймыз, – дейді Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

Алдыңғы пост
Қазақстандық туристің денесі Дағыстаннан табылды
Келесі пост
СІМ ҚР азаматтарына Бангладешке бармауға кеңес береді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu