Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірде 100-ден астам камера қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

72

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ең ұзын көпірде, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тәулік бойы бақылау үшін нысан бойында 102 камера орнатылмақ. Оның 62-сі нысанның үстіңгі жағында, ал қалған 40 камера көпір астындағы аумақта орнатылған.

Сонымен қатар, мұздың жылжуы кезінде көпір тіректеріне зақым келтірмеу үшін нысанда 40 мұзкескіш қондырғы жұмыс істейді деп хабарлады ҚР көлік министрлігі.

Көпір стратегиялық маңызы бар нысандардың қатарына жатады. Сол себепті көпірдің екі жағында тәулік бойы полиция бекеттері жұмыс істейді. Нысанға уақтылы техникалық қызмет көрсету үшін бақылау пункттері де қарастырылды.

Көпір тәулігіне 80 мыңға дейін автомобиль өткізе алады, өткелге дейін 18 шақырым жаңа жол салынды.

Алдыңғы пост
Студенттер мен зейнеткерлер «дроп» ретінде заңсыз ақша айналымына қатысқан
Келесі пост
Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu