Бұзақылық және қорқытып алу бойынша пробациялық бақылаудағы азамат сотталды

34

Түркістан облысының тұрғыны 2023 жылы бұзақылық және қорқытып алу қылмыстары бойынша бас бостандығынан шектеу жазасына тағайындалып, пробациялық бақылауға алынған.

Алайда аталған тұлға мемлекет тарапынан түзелуіне мүмкіндік берілгеніне қарамастан қайта қасақана жаза өтеу тәртібін бұзған.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында оған қатысты заңсыз атыс қаруын алып жүргені бойынша ҚК 287-б. 3-б. сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Сондай-ақ, ол пробация есебінде бола тұра, жаза өтеу барысында пробация қызметіне себепсіз тіркелуге келмеген және электрондық бақылау құралын шешкен, жүргізуші куәлігінсіз көлік құралын заңсыз басқарған деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.

Осыған байланысты пробация қызметі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы ұсынымды сотқа жолдаған.

12 ақпан 2025ж. бірінші сатылы сот қаулысымен  жазаның  өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы ұсыным қанағаттандырусыз қалдырылған.

Облыс прокуратурасы тұлғаның қайта түзелмегенін, қоғамға жат қылықтар жасауға бейім екенін ескеріп апелляциялық өтінішхат енгізді.

Нәтижесінде бірінші сатыдағы сот актісі жойылып, сотталған түзеу мекемесіне жіберілді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген.

Алдыңғы пост
Полицейлер жүрек талмасына ұшыраған ер адамды құтқарып қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu