ТЖМ комитет төрағасы мен Шымкент, Жетісу ТЖД бастықтарын күзетпеу ұстауға санкция берілді

Теги: , , ,
230

Астана қаласының ауданаралық тергеу сотымен ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Басқа да жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатыстығы тексерілуде.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, сондай-ақ Шымкент қаласы мен Жетісу облысы бойынша ТЖД бастықтары парақорлықпен әшкереленгені туралы жазған болатынбыз.

Олар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алып, тексерілетін ұйымдарды келісімшарттар жасау арқылы олардың қызметтерін сатып алуға және уақтылы ақы төлеуге мәжбүрлеген деген күдікке ілінген.  Пара сомасы 100 мыңнан 4 млн теңгеге дейінгі аралықты құрайды.

Бұдан басқа, ТЖМ Өртке қарсы қауіпсіздік комитетінің төрағасы заңсыз ақшалай сыйақы үшін Ұлытау облысы бойынша ТЖД басшыларының біріне қамқоршылық жасады деп күдіктенуде.

Алдыңғы пост
Шымкентте құтқарушылар қолы ет тартқышта қалып қойған 4 жасар баланы құтқарды
Келесі пост
Қала әкімі түркістан шағынауданын сапалы жарықпен қамтуды жеделдетуді тапсырды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu