274
Жағымсыз жағдай, 20 маусым күні Астанада орын алған. 2022 жылы туылған сәби тұншығудан қайтыс болған. Анасы, баласының денесін, өзі қарауға қалдырған күтушінің үйінен тапқан.
Осыған байланысты, 38 жастағы бала қараушы күдікке ілінді.
“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды,”-деп жазылған мәлімдемеде.
Айта кетейік, 24 жастағы жәбірленуші кішкентай қызымен Мәскеу көшесінде жалдамалы пәтерде тұрған.
Естеріңізге сала кетейік, егер күтушінің кінәсі дәлелденсе, 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.