206
Балаларын мектепке дайындаған ана, жоғарыда отырған ақ жағалыларға шағымын білдірді. Оның айтуынша, бес баласына 500 мың теңге жұмсаған. Яғни, біреуін мектепке дайындау үшін 80 мың теңгеге қағылған.
“Менің 5 балам бар. Қазір тек 1 баламды киіндіріп, 80 мың теңге жұмсадым. Енді төртеуін киіндірсем, жарты миллион кетеді. Жаңалықтарда “шенеуніктер бір баланы 45 мың теңгеге киіндіруге болады” дейді. Мұндай бағаларды қай жерден көруге болады. Ал, ең арзан деген жерден кеңсе тауарларын 63 мың теңгеге алдым.”, – дейді.
Расында, бағаның аспандап тұрғаны анық. Өйткені, шілде, тамыз айында мектепке тауарларына сұраныс артады. Кейбір, сатушылар ойына келген бағаны айтып, қолынан келсе, қонышынан басуда.
Ал, сіз балаңызға қанша теңге жұмсадыңыз?