Балабақша басшысы ірі көлемде қаражатты жымқырғаны үшін сотталды

223

Тараз қаласының прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығымен мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 12 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

Алаяқтық фактісі бойынша қала прокуратурасымен қылмыстық іс тіркеліп, оны тергелуі Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

Тараз қаласының №2 сотының 14.06.2024 жылғы үкімімен балабақша басшысы тәрбие/оқыту қызметін көрсететін кез келген меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде қаржымен байланысты материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Алдыңғы пост
Жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты
Келесі пост
Шымкентте стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бөлу бойынша конкурс өткізіледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu