Павлодар облысының мектепке дейінгі мекемелерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз қымбаттату фактілері анықталды.
Қаржылық мониторинг агенттігімен жүргізілген тексеру барысында ЖШС-нің өңірдегі 158 мектепке дейінгі мекеменің 108-нің негізгі жеткізуші болғаны анықталды.
Мектепке дейінгі мекемелермен (бала-бақшалармен) жасалған шарттарда өндіруші зауытынан алған бағадан ӘМАТ-тың түпкілікті тұтынушысына дейінгі баға айырмашылығы:
🟠күнбағыс майы – 286% үстемақымен (453 тг/л-ден 1300 тг/л дейін),
🟠қарақұмық жармасы – 150% (240 тг/кг-нан 600 тг/кг дейін),
🟠қант – 93% (325 тг/кг-нан 630 тг/кг дейін),
🟠тауық жұмыртқасы-79% (430 тг/онд-тан 770 тг/онд дейін),
🟠тұз-66% (60 тг/кг-нан 100 тг/кг дейін),
🟠күріш – 36% (490 тг/кг-нан 670 тг/кг дейін),
🟠сары май – 22% (2075 тг/кг-нан 2550 тг/кг дейін).
Агенттік қабылдаған шаралардың нәтижесінде аталған ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жеткізушімен жасалған шарттар күшін жойды. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемелерде ӘМАТ жеткізу шарттары қайта қаралып, жаңа келісім-шарттар жасасу мәселесі қаралуда. Осылайша үнемделген қаражат сомасы 30 млн теңгеден асты.