88
Ақмола облысында жүк пойызы рельстен шығып, аударылып қалған.Оқыс жағдай 9 қазанда сағат 17:40-та Есіл-Құсмұрын учаскесінде Сұрған станциясында болған.
Апатты жағдай, машинистің дұрыс әрекет ете алмағанынан орын алған. Алайда, бұл ақпарат расталмады.
Айта кету керек, абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ, оқиға орнында шұғыл әрекет жасаған мамандар, жолды ашып, реттеп қойды.