Жетісу облысында интернет-алаяқтыққа қарсы шараларды күшейту жұмыстары жалғасуда.
Заңмен резидент еместерге шоттарды қашықтан ашуға және төлем карталарын шығаруға тыйым салынған, керісінше банк қызметкері шет мемлекеттің азаматына оның жеке қатысуынсыз есепшот ашқан деп хабарлады ҚР Бас Прокуратурасы.
«Есепшот кейіннен интернет-алаяқтармен азаматтардан ұрланған қаражатты аудару үшін пайдаланған. Банк Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 214-бабының 4-бөлігі (қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қабылдамауы) бойынша жауапкершілікке тартылды. 1 000 000 теңгеден астам сомаға сот салған айыппұлды банк төледі»,- деп мәлімдемеде.
Банк қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодексінің 254-бабы (міндеттеріне адал қарамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.