Белгородта Украина қарулы күштерінің шабуылы салдарынан көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісі түгел опырылып құлады. Осының салдарынан, көпқабатты үйдің қирандыларынан 13 адамның мәйіті шығарылды, деп мәлімдеді елдің төтенше жағдайлар министрлігі. Олардың арасында жасөспірімдерде бар.
«Құтқарушылар Белгородта үйінді астынан тағы үш адамның мәйітін, оның ішінде екі баланы алып шықты», – делінген министрліктің ресми Telegram-каналында.
Облыс губернаторы Вячеслав Гладковтың айтуынша, барлық тұрғындар басқа жерге көшірілді. Олардың кейбірі туыстарына барса, кейбірі қауіпсіз орындарға орналастырылды.
Сонымен қатар, зардап шеккендерге еріктілер ыстық тамақ пен сусындар таратып, қолдан келгенше көмек беруде.
Болған оқиғаға қатысты теракт бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.